Жаңалықтар / №11 Қалалық Емхана Ұжымымен Қазақстанда АЭС Салу Мәселелері Талқыланды

№11 Қалалық Емхана Ұжымымен Қазақстанда АЭС Салу Мәселелері Талқыланды

Бүгін Шымкент қалалық №11 емханасының ұжымына Қазақстанда АЭС салу мәселесі бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Кездесу барысында атом электр станцияларының елдің энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі маңыздылығы, экологиялық тұрғыдан таза және тұрақты энергия көзі ретінде АЭС-тің артықшылықтары талқыланды. Сонымен қатар, Қазақстанның уран қорын тиімді пайдалану және жаңартылатын энергия көздеріне сенімді балама ретінде АЭС салудың өзектілігі атап өтілді.