Жаңалықтар / Адам папиллома вирусына (АПВ) қарсы вакцинациялау басталды
Адам папиллома вирусына (АПВ) қарсы вакцинациялау басталды
Вакцинациялау жұмыстарының алғашқы күнінде №11 қалалық емхана мамандары №48, 61 және 66 мектептердегі медициналық кабинетте егу жұмыстарын жүргізді. АПВ-ға қарсы вакцина 11 жасар оқушы қыздарға тұрғылықты жері бойынша барлық мектептер мен емханада тегін қолжетімді болады. Жатыр мойны обыры Қазақстандағы барлық жастағы әйелдер арасында таралуы бойынша екінші орындағы қатерлі ісік болып табылады. БҮГІН ҚЫЗДАРҒА АПВ ВАКЦИНАСЫН АЛУ ТУРАЛЫ ШЕШІМ ҚАБЫЛДАЙ ОТЫРЫП, СІЗ ОЛАРДЫ БОЛАШАҚТА ОНКОЛОГИЯДАН САҚТАЙСЫЗ