Жаңалықтар / Жатыр мойны қатерлі ісігін жою мақсатында АПВ-ға қарсы вакцинацияның маңыздылығы

Жатыр мойны қатерлі ісігін жою мақсатында АПВ-ға қарсы вакцинацияның маңыздылығы

«Жатыр мойны қатерлі ісігін жою мақсатында АПВ-ға қарсы вакцинацияның маңыздылығы» тақырыбында халықты ақпараттандыру үшін эпидемиолог, акушер-гинеколог, онколог, инфекционист мамандары емханаға қарасты №129, 122, 61, 48, 86, 73 жалпы орта білім беретін мектептерінде офлайн семинар жалғасын тапты.

 Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДҰ) 9 мен 14 жас аралығындағы қыздарға вакцинациялауды басымдық ретінде ұсынады. Осы жастағы вакцинация ең күшті иммундық реакцияны қамтамасыз етеді, вакцинаны АПВ инфекциясын жұқтырмаған ерте жаста енгізгенде тиімді болады, болашақ серіктестерін қорғауды қамтамасыз етеді және қалыптасқан ұжымдық немесе популяциялық иммунитет вирустың таралуын тоқтатуда өте тиімді болып табылады. 

Жатыр мойны обырын бірге жоямыз. Қыздарымыздың денсаулығы өз қолымызда!