Жаңалықтар / Медициналық көмек және МӘМС жүйесі туралы ақпарат алудың ресми арналары
Медициналық көмек және МӘМС жүйесі туралы ақпарат алудың ресми арналары
Ержан Исмаиловтың бейнесі
Медициналық көмек туралы, сондай-ақ МӘМС жүйесіндегі өзгерістер бойынша (емхана мен аурухана деңгейіндегі медициналық көмек, диспансерлеу, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету, госпитализациялау, медициналық көмектің сапасы, медициналық персонал тарапынан болған бұзушылықтар мен шағымдар және т.б) нақты әрі толық ақпаратты мына ресми арналар арқылы алуға болады:
*1414*- Бірыңғай байланыс орталығы
*SAQTANDYRYBOT* — мобильді қосымша
*QOLDAU 24/7*- мобильді қосымша
*EGOV.kz* және
*EGOV MOBILE* — электрондық үкімет порталы мен мобильді қосымшасы 
*Тіркелген емханаңызда* -тіркеу орны немесе жауапты мамандар
Ақпарат алу үшін тек ресми көздерге жүгінулеріңізді сұраймыз.