Жаңалықтар / 29 қазан – Дүниежүзілік инсультке қарсы күрес күніне орай №11 қалалық емханасы «Ашық есік» күнін өткізді.
29 қазан – Дүниежүзілік инсультке қарсы күрес күніне орай №11 қалалық емханасы «Ашық есік» күнін өткізді
Ашық есік күнінде жалпы тәжірибелі дәрігерлер, кардиолог, невропатолог, психолог секілді бейінді мамандар қатысты. Келген науқастарды медициналық тексеруден өткізіп, арнайы брюшоралар таратылып, Инсульттың алдын алу үшін кеңестер берді.
Инсульт — ми ұлпасының зақымдалуын, оның қызметінің, мидағы қан айналысының кенеттен бұзылуы; осының салдарынан миға қан құйылады, немесе ми тамырлары бітеліп қалады (тромбоз).
Дәрігер кеңесі:
1. Жыл сайынғы диспансерлеуден өтіңіз.
2. Қысымыңызды, қандағы қант пен холестерин деңгейін бақылаңыз…
3. Физикалық белсенді болыңыз…
4. Дәрігерге уақытында хабарласыңыз…
5. Жаман әдеттерден бас тартыңыз…
6. Дұрыс тамақтаныңыз.