Жаңалықтар / Қызылшаға қарсы жаппай иммундау
Қызылшаға қарсы жаппай иммундау
ШЖҚ «№11 қалалық емханасы» МКК мекемесі, бас дәрігердің ана мен бала денсаулығын қорғау жөніндегі орынбасары Альжанова Канымкул Амангелдиевна емхана қызметкерлерімен «Қызылшаға қарсы қосымша жаппай иммундау» тақырыбында семинар өткізді.
1. Қызылшаға қарсы ҚЖИ-ға жататын контингенттер: — 6 айдан бастап 10 ай 29 күнге дейінгі балалар; — 2 жастан бастап 4 жас 11 ай 29 күнге дейінгі балалар қызылшаға қарсы егу мәртебесіне қарамастан; — Қызылшаға қарсы профилактикалық екпелері жоқ, сондай-ақ 2019-2020 жылдары және 2019 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейінгі кезеңде эпидемиологиялық көрсетілімдер бойынша жүргізілген осы инфекцияға қарсы алдыңғы қосымша жаппай иммундау барысында қызылшаға қарсы егілмеген медицина қызметкерлері мен денсаулық сақтау ұйымдарының қызметкерлері.
2. Қызылшаға қарсы ҚЖИ-ға жатпайтын контингенттер: — қызылшамен ауырған (расталған жағдаймен эпидемиологиялық байланысты зертханалық және клиникалық расталған жағдайлар), құжаттамалық растауы бар адамдар; — ҚҚП вакцинасына тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар адамдар; — инфекция ошақтарында қызылшаға қарсы эпидемиологиялық көрсетілімдер бойынша және 2023 жылы толықтыра иммундау шеңберінде егілген балалар; — 2019-2020 жылдар кезеңінде және 2019 жылдан бастап эпидемиологиялық көрсетілімдер бойынша қызылшаға, қызамыққа, паротитке қарсы иммундау туралы құжаттамалық растауы бар медицина қызметкерлері мен денсаулық сақтау ұйымдарының қызметкерлері.